Арыстағы жарылыс. Қарағандыдан гуманитарлық көмек жөнелтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық арнада тікелей эфирде өткен "Арыс, біз біргеміз" акциясында айтылды.
"Мінекей, жүк көліктері әуежай аумағына кірді. Онда азық-түлік, киім-кешектер бар. Көмекті меценанттар мен кәсіпкерлер жинаған екен", - дейді қарағандылық тілші Руслан Нұрланұлы.
Қарағанды тоғыз жолдың торабында орналасқан, сол себепті бұл жақтың тұрғындары Түркістанға жиі барады.
Алматы қаласы тұрғындары да қолұшын созуда. "Мен алматылықпын" қоғамдық қозғалысының мүшелері көмек жинап жатқандарын әлеуметтік желі арқылы хабарлаған.
"Өзімді сол кісілердің орнына қойып көрдім. Осындай жағдайда көмектесу - парыз", - дейді қайырымдылық жасаушылардың бірі.
«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері де еріктілер қызметін ұйымдастырған.
"Жас отанның 100 волентері эвакуациялық қабылдау пунктерінде жұмыс жасап жатыр. Волонтеорлер бірінші оларды жазып алады. Сосын егер туыстарына барамын десе телефондарын жазып алады. Еріктілер су таратуға көмектесуде. Бір топ белсенділермен бірге біз жиналған қаражатқа балаларға жеміс-жидек апардық, көрпешелер тасып бердік", - деді Дәулет Кәрбек "Жас Отан "жастар қанатының мүшесі .