Арыс қаласы аумағынан 130-ға жуық снаряд табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласы аумағында Түркістан облысы Полиция департаментінің 448 қызметкері мен 75 арнайы автокөлігі жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық гвардияның №6506 әскери бөлімінің 580 әскери қызметшісі және 36 арнайы автокөлігі, оның ішінде тұрғындарды эвакуациялауға қажетті жоғары өтімділікті 10 «Урал» автокөлігі, әскери полицияның 10 қызметкері, №0358 әскери бөлімінің 200 әскери қызметшісі (барлығы 1238 қызметкер) бар.

Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынысты бөлімшелердің 1800 әскери қызметшісі мен 50 арнайы техникасы тартылды.

25-26 маусым күндері облыс полиция департаментінің қызметкерлері ұрлықтың 4 фактісінің алдын алды. Қала периметрі бойынша қосымша Арыс ауыл жолдарына 20 бекет қойылды.

Патрульдеу барысында полиция қызметкерлерімен 37 бас мал (22 ірі қара, 15 ұсақ мал), сондай-ақ 150 иесіз қой анықталып, күзетке алынды.

25 маусымда Полиция департаменті Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен бірлесе отырып, Арыс қаласының аумағын минасыздандыру бойынша іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде 130-ға жуық снаряд табылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы