Арыс оқиғасы. 16 кінәлі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты істе 16 адамға айып тағылды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.
Олар: Нұр-Сұлтан қаласында қызмет атқарған еліміздің Қорғаныс министрлігінің сегіз әскери қызметшісі; Түркістан облысы Арыс қаласы мен Шымкент қаласында орналасқан жеті әскери қызметші; және Шымкенттегі бір азаматтық тұлға - делінген хабарламада.
Биыл мамырдың басында айыпталушылардың негізгі бөлігі жоғары лауазымды офицерлер екені анықталған. Сондай-ақ, жарылысқа дейін оқдәрі қоймаларындағы өрескел ереже бұзушылық туралы жергілікті және елордалық офицерлердің білетіндігі белгілі болды.
Арыстағы жарылыстың алдын алу үшін Қорғаныс министрлігі 650 млн теңгеден астам қаржы бөлген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сұйытылған газ бағасы төмендейді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы