Арыққа құлаған қызды құтқарған ақтөбеліктер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыққа құлаған қызды құтқарған ақтөбеліктер ТЖ министрінің алғыс хатымен марапатталды. 

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығы М.Аманбаев ТЖ министрі Ю. Ильиннің Алғыс хатымен «Арман» ТК күзетшісі мен «Energy gym» фитнес-клубының жаттықтырушыларын ақшалай сыйлықтармен марапаттады. 

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда Батыс-2 шағын ауданында «Арбат» тұрғын үй кешенінің жанында су арықтарының біріне кәмелетке толмаған қыз құлап кеткен болатын. Қыз суға құлап, оны құбырға сорып ала бастады. Оған «Energy gym» фитнес клубының жігіттері көмекке келді. Олар уақытында көмекке келіп, қызды құтқарды. 

Департамент басшылығы фитнес-клуб қызметкерлеріне алғыс айтып, адамдардың өмірін төтенше жағдайдан сақтау — біздің ортақ миссиямыз деп атап өтті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы