Аружан Саин қызметінен босатылды

Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.

Қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, "«Милосердие» ерікті қоғам" қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда облысында туған. 

Аружан Саин Алматы қаласындағы №138 гимназияда білім алған. 

1993 жылы Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, география факультетінде, экология және мониторинг кафедрасында оқып шығады. 

1994 жылы "Аружан және Компания" продюсерлік орталығын ашады. 

2006 жылы «Милосердие» қайырымдылық қорын ашады. 

Қор балалар үйлеріне көмек, ауру балаларға көмек және Қазақстаннан да тыс жұмыс атқарады. 

2009 жылы Алтын Жүрек премиясына «Инвалидтерге қамқорлық» номинациясы бойынша тағайындалды.

1993 жылы — "Хабар" телеарнасындағы күнделікті "Разминка" бағдарламасының тележүргізүшісі болды.

1994 -1999 жылдары — "Тез және тәтті", ары қарай "Жұлдызды меню" кулинарлық бағдарламаларының тележүргізушісі болды. 

1994-2000 жылдары — "Еркемай" бүлдіршін ойын бағдарламасының тележүргізушісі.

2006 жылы — "Ел Арна" телеарнасындағы "Ана мектебі" танымдылық бағдарламасының тележүргізушісі.

2010 жылы — "Сабырлық, тек сабырлық" ток-шоу тележүргізушісі.

2011 жылы  — "Бүлдіршіндерге Өмір сыйла" бағдарлама жүргізушісі болды.

2019 жылдың 18 маусымынан бастап Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына кірісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы