Аружан Сағындықова WTA рейтингінде тағы да 87 саты жоғары көтерілді

WTA жеке және жұптық сындағы спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина төртінші орында қалды. Юлия Путинцева бұрынғысынша 79-орында тұр.

18 жастағы Аружан Сағындықова рейтингіде тағы да көтерілді. Ол алдыңғы аптада ғана 958-орында болса, қазір 871-орында тұр (+87).

Жұптық сында Анна Данилина тағы да екі сатыға төмендеп, 28-орынға тұрақтаса, Жібек Құламбаева 178-орынға жайғасты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы