Қарулы Күштерде алғашқы ПТР-зертханасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 ғана емес, сонымен қатар басқа да инфекциялардың түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін Қазақстан Қарулы Күштерінің алғашқы ПТР-зертханасы пайдалануға берілуге дайын, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Зертхана Алматы қаласында орналасқан Қарулы Күштердің Санитарлық-эпидемиологиялық орталығы негізінде құрылды. Ғимарат қысқа уақыт ішінде жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, дайындалды, қажетті жабдықтар орнатылғаннан кейін, ПТР-зертханасын іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Зертхананы іске қосу Қарулы Күштердің жеке құрамын кеңінен коронавирусқа тестілеуінен өткізуге мүмкіндік береді. Қорғаныс министрлігінде өткен кезекті аппарат кеңесінде бұл мәселеге қатысты тиісті нұсқауды қорғаныс министрі берген болатын.

Қарулы Күштердің жеке құрамы алғашқы күннен бастап коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысты. Атап айтқанда, әскери қызметшілер дезинфекция жүргізді, блокбекеттерде қызмет атқарды, елді мекендерді патрульдеуге, медициналық көмек көрсетуге және басқа да көптеген бағыттардағы жұмыстарға қатысты. Қауіпті инфекция көздеріне тікелей жақын болуын ескере отырып, жұқтыру мүмкіндігін ерте анықтау аса маңызды болып табылады.

Жеке вирусологиялық зертхананың құрылуы "SABA GROUP" құрылыс компаниясының қайырымдылық қолдауы мен оның иесі Арыстанбек Бейханұлы Сабалидің жеке бастамасын екенін атап өту қажет.

Зертхана үшін қажетті жабдықты компаниямен сатып алынып, сыйға берілген, техникалық қолдау көрсетіп, персоналдың оқытылуын да ұйымдастырған.

Жеке құрамды дәлдігі және жеделдігімен ерекшеленетін ауқымды ПТР-диагностикадан өткізу үшін Қарулы Күштердің жеке зертханасы болуы өте тиімді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы