Артық төленген салық. Атыраулық кәсіпкерге 82 млн теңгесі қайтарылды
Атырау облысының МКД кәсіпкерге 82 млн теңге қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау көлік прокуратурасы осындай хабарламалардың бірін қараған кезде кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісін анықтаған.
Кәсіпкер бірнеше ай бойы фискалды органнан, екі жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған, қанағаттандырудан бас тартылған жауап алған, - делінген Атырау көлік прокуратурасы таратқан хабарламада.
Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындаған және тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескертіп бұрын төленген соманы қайтарған.
Нәтижесінде, кәсіпкердің шотына 82 млн теңге түскен, ал кінәлі лауазымды тұлға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.