Артық салмақтан арылу үшін таңғы асты қай кезде ішкен жөн
Ғалымдар артық салмақтан арыла отырып, өмір сүруді ұзарту үшін ең қолайлы таңғы ас ішетін уақытты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Rbc.ua-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, тұжырымға сәйкес ұйқыдан ояна салып тамақ жеуге кірісу дұрыс емес.
Лондондағы корольдік колледждің профессоры, диетолог әрі дәрігер Тим Спектор таңғы асты дұрыс жоспарлай отырып, дене сымбатын ретке келтіруге болады деп отыр.
Егер сіз ояна салып тамақ жемесеңіз, мұның ағзаңызға пайдасы көп. Таңғы асыңызды 8:00-де емес, 11:00-ден кейінгі уақытқа жоспарлаңыз. Маған сенсеңіз, бұл ашығып диета ұстағаннан әлдеқайда пайдалы, - дейді сарапшы.
Айтуынша, бірнеше килограммен қош айтысу үшін небәрі бірнеше кеңесті ұстану жеткілікті.
Мен сағат 11:00-ге дейін таңғы ас ішпеймін және 19:00-ден соң тамақ жемеймін. Бұл маған өте жақсы көмектесті. Үш аптада артық салмақтан арылдым. Таңғы асқа авокадо мен жұмыртқа және бидай нанын жеп, кофе ішемін. Түскі асқа күріш, тауық, салат жеуім мүмкін. Кешкі асты салат жапырақтары мен бидай ұнынан пісірілген нан жеймін, - деп ағынан жарылды дәрігер.
Сондай-ақ ол сағат 11:00-ден кейін таңғы ас ішу артық салмақтан арылтып қана қоймай, өмір сүруді 20 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін алға тартты.
Асқазаныңыз демалсын десеңіз, 16 сағат ашығып көріңіз. Одан кейін сегіз сағат ішінде тамақ жеңіз. Көптеген зерттеу біздің тамақты жиі әрі дұрыс тұтынбайтындығымызды көрсетіп отыр, - деді ол.