Артық салмағы бар жандар да полицияда жұмыс істей алады

Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев артық салмағы бар адамдар полицияда жұмыс істей алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Аттестация барысында артық салмағы бар полицейлер бұрынғыдай жұмыс істей бере ме?" деген тілшінің сауалына осылай жауап берді.

ІІМ-де барлық лауазым физикалық дайындықтың жоғары болуын талап етпейді. Бірінші кезекте бұл талап патрульдік полицейлер мен арнайы бөлім қызметкерлеріне қойылады. Полиция қызметкерлері кем дегенде аптасына 2 рет дене шынықтырумен айналысуға міндетті. Жылдың соңында қызметкерлердің физикалық дайындығы тексеріледі. Жыл сайын қызметкерлеріміз медициналық тексеруден өтеді. Онда оларға диета және емделу бойынша кеңес беріледі. Осылайша, біз артық салмағы бар қызметкерлермен жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне тек дене бітім бойынша емес, зияткеркіл қабілеттері де бағаланады. 

Сондықтан біз азаматтарды жұмысқа шақырамыз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы