Артық бюрократияның қажеті жоқ, Алакөлге келушілерден ПТР тест талап етілмейді – Баталов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алакөлге баратын туристер үшін ПТР тест талап етілмейтінін айтты.
Әкім былтыр да Алакөлге келген демалушылардан ПТР тест талап етпегенін және демалыс орындарында коронавирус жұқтыру жағдайы мүлдем тіркелмегенін айтты.
Былтыр Алакөлде демалғандардың ешқайсысы коронавируспен ауырған жоқ. Ондағы таза ауа мен қасиетті судың әсері болса керек. Биыл Ashyq бағдарламасы қолға алынып жатыр, сол бойынша жұмыс істейміз. Ешкімнен ПТР тест талап етілмейді. Ashyq сондағы демалыс орталықтары мен әуежайда орнатылады. Артық бюрократияның қажеті жоқ. Ондағы таза ауа адамдардың денсаулығына пайдалы, - деді ол.
Айта кетсек, облыс әкімі бұған дейін Алакөлдегі әуежай жөндеуден өткен соң, оған ТМД елдерінен ұшақтар қатынайтынын айтқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ Ақмола облысында суға батып кеткен екі бала туралы айтты
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы