Артур Платонов Nur Otan-да жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов Nur Otan-ның партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деп жазды ол.
Бауыржан Байбек Мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған Комитеттің бұрынғы басшысы Павел Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы