Артспортқа қатысты 6 қылмыстық іс туралы МСМ жауап берді

Алматы облысында, өңірлерде «Артспорт» бағдарламасына қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тарап жатқаны белгілі деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл басында Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бағдарламаның жүйесін сақтамаған, негізгі сабақты өтпеген, ата-аналардан қосымша қаражат алған үйірмелерде сабақ беретін мамандарға қатысты қылмыстық іс жөніндегі тілшінің сұрағына министрлік өкілі Орталық коммуникациялар алаңында жауап берді.  

Арт спортқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ресми ақпарат министрлікке түскен жоқ. Бірақ бірнеше облыста тергеу жұмыстары басталды деген бейресми ақпарат түсті. Кейбір өңірлерден осы мәселеге қатысты сұраныс та жолданып жатыр, - деп жауап берді МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова.  

Ол өз сөзінде арт спорттың ең бірінші қағидаты үйірмелерді мемлекет қаражаты есебінен өткізу екенін атап өтіп, үйірмені өткізушілер заң бойынша ата-аналардан қаражат талап ете алмайтынын айтты. Сондай-ақ ол үйірмелердің қалай жүргізіліп жатқанын тексеруді шағым түскен жағдайда құқық қорғау органдары ғана жүзеге асыра алатынын түсіндірді.   

Бүгінгі қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес, қызметті ұсынушылардың барлығы орта және кіші бизнестің өкілдері. Сондықтан заңнама аясында министрлікте де, жергілікті атқарушы органда да тікелей барып тексеру құзыры жоқ, - деді ол.    

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы