Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 2-орынға ие болды
Қазақстандық қыздар әлемдік спорт сахнасында кезекті рет айтулы жетістікке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13-15 маусым аралығында Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналы аясында қазақстандық дуэт әлемдік рейтингтің екінші сатысына көтерілді.
Еске салсақ, биылғы маусымдағы Әлем кубогы төрт кезеңнен тұрды: алғашқысы Францияда, екіншісі Египетте, үшіншісі Канадада өтті. Ал шешуші кезеңге аспан асты елі Қытай қабылдап отыр.
Әртістік жүзуден ұлттық құрама сапындағы Ясмин Туякова, Арина Пушкина және Даяна Джаманчалова өз өнерімен талайды тамсандырып, төрт кезеңнің қорытындысы бойынша дүниежүзілік деңгейде 2-орынға ие болды.
Қытайдағы жарысқа елімізден 14 спортшы қатысып жатыр. Жалпы, додаға 16 елден 125 спортшы жиналған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жаңа метро станциясы салынып жатыр
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы