Әртістік жүзуден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы күні үш алтын алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Техникалық соло бағдарламасында Карина Магрупова (240.1600) мен Виктор Друзин (228.1708) қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды. Ал Эдуард Ким күміс (223.5584), Ясмина Исламова қола (204.0066) медаль иеленді.

Командалық еркін бағдарламада да қазақстандықтар үздік нәтиже көрсетіп, алтын жүлдені қоржынға салды (267.0639).

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алғашқы күнін үш алтын, бір күміс және бір қоламен аяқтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы