Артем Резников Мәскеу төрінде Юсуф Раисовты жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Артем Резников (22-6) ACA 111 турнирінде керемет өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

ACA 111-дің екінші басты жекпе-жегінде 28 жастағы Резников ACB-нің бұрынғы жеңіл салмақта (66 кг) әлем чемпионы, ресейлік Юсуф Раисовпен (16-2) кездесті. Күткен жекпе-жек іс жүзінде тең дәрежеде өтті. Әр минут сайын басымдылық бір спортшыдан екіншісіне ауысып отырды.

Жоспарланған үш раунд тартысты өтті. Төрешілер ге шешім қабылдау оңай болған жоқ. Әйткенмен, жерлесіміз бір төрешінің дауысын артық жинап, жеңіс тойын тойлады. Бұл жеңіс Резников үшін мансабындағы 11-ші. Және АСА қанағатындағы үшінші жеңісі.

Раисовқа келетін болсақ, файтер мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Еске салайық, қазақстандық сарбаздар Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы, Георгий Кичигин және Шарипов ACA 111 турниріне «ШАХ» компаниясының қолдауымен қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы