29 Ақпан 2024 2024, 11:16 Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Аршат Аяғанов қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді

"Қазарнаулыэкспорт" РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды, деп жазады BAQ.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазарнаулыэкспорт" РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды, деп жазады BAQ.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша "Қазарнаулыэкспорт" РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғановтың ұсталғаны туралы хабарлайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.