Аршалы маңында құпия қару-жарақ сақталған жасырын жер анықталды
Аршалы ауданында қару-жарақ және түрлі калибрлі оқ-дәрілер жасырылған жер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аршалы ауданы прокуратурасы Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен, қамауда жазасын өтеуші тұлғамен өткізілген конфиденциалды әңгіме барысында атыс қаруы бар жасырын орын туралы ақпарат алған.
Аталған ақпаратты тексеру барысында Астана–Қарағанды автожолында, Аршалы ауданының Шөптікөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің ел аумағына шетелден әкелінген болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының қару-жарағы құрамында жоқ). Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу басталды, деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы