АрселорМитталдағы апат: Кінәлілер анықталды

«Қазақстан» шахтасындағы өрттің салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

17 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында апат болды. Өкінішке қарай, апаттың салдарынан бес адам қаза тапты. Апат болған орында 227 адам болған. 16 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Оларға дер кезінде көмек көрсетілді, - деді ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов.

19 тамызда Үкіметтің Қаулысымен апат пен жұмысшылар өлімінің себебін анықтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов комиссияның қорытындысын айтып берді.

Комиссия апат кезінде жұмыс істеп тұрған техникалық құрал-жабдықтарға бірқатар арнайы сараптама жүргізді. Сондай-ақ өрттің пайда болуының және таралуының техникалық себептерін анықтау үшін өрт-техникалық сараптамасы жүргізілді, - деді ТЖМ басшысы.

Сараптамалық қорытындыға сәйкес комиссия апат пен топтық жазатайым оқиғаның негізгі себептерін анықтады.

Біріншіден, көмір конвейеріндегі өрт конвейердің кептелген және көлеңкеленген ролигіндегі таспа төсемінің үйкелуіне байланысты болды. Екіншіден, көмір конвейеріндегі өрт механикалық энергияның жылу энергиясына ауысуы салдарынан, жолақ төсемінің конвейердің кептелген және бекітілген ролигіне үйкелуіне байланысты болды. Үшіншіден, «Қазақстан» шахтасының инженер-техникалық құрамы тарапынан өндірістік бақылаудың болмауы. Сондай-ақ, қауіпсіздік техникасының сақталмауы және энергия-механикалық қызмет бақылауының әлсіздігі анықталды, - деп айтты министр.

Сонымен бірге қауіпсіздік талаптарын және техникалық реттеу нормаларыда бұзылған. Яғни жолақты төсемді сәйкестік сертификатынсыз пайдаланған.

Онымен қоса, жұмыс аймағының тозаңдылығы және жану өнімдері мен тау-кен қазбаларынан болған ауа газдылығы қызметкерлердің өліміне әкеп соқты.

Бұдан басқа, Еңбек заңнамасы нормаларының бірқатар бұзушылығы анықталды. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталды, заңнаманы бұзуға жол берген 28 жауапты тұлға анықталды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін комиссия топтық жазатайым оқиғаның себептерін жою бойынша іс-шаралар әзірледі, - деп айтты ведомство басшысы брифингте.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы