«АрселорМиттал Теміртаудың» шатыры құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, 23 қаңтарда 14 сағат 15 минутта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ диспетчерінен кезекші операторға AMT еншілес компаниясы «Құрылысмет» ЖШС-нің соғу-престеу цехының құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

inbusiness.kz сайтының мәліметіне қарағанда, № 11 жылыту пешінің үстінен жалпы алаңы 72 шаршы метр болатын екі аражабын тақтасы құлағандығы анықталған. 

Апат демалыс күні болғандықтан, зардап шеккендер жоқ. №11 жылу пешінің қосалқы платформасы мен инженерлік құрылымдары зақымданған. Әдеттегідей, оқиға туралы компанияның сайтында да, әлеуметтік желілерде де хабарламады.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы