31 Қазан 2023 2023, 10:27
Фото: - архив
«АрселорМиттал Теміртауды» Үкіметке қайтару рәсімдері аяқталуға жақын
Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Премьер "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында екенін атап өтті.
Комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.
Қарағанды облысының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі апатты жою жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмекті көрсетіп, зардап шеккендердің денсаулықтарын қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды, – деді Әлихан Смайылов.