«АрселорМиттал Теміртау» зиянды қалдықтарды қалай азайтады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

2020 жылғы Экология министрлігі мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы арасында келісімшарт бойынша 3 жыл ішінде зиянды заттар қалдықтарын 30 пайызға қысқарту көрсетілген. Жыл басында осы міндетті растау үшін компания уақыт сұрады. Кейін сәуірде Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Теміртауға барып жиын өткізгенде, олар міндетті растады, - деді ол.

Жеңіс Қасымбек атағандай, «АрселорМиттал Теміртауға» Теміртаудағы қалдықтардың 80 пайызы тиесілі.

Біз осы мәселені ерекше назарда ұстап отырмыз. Тоқсан сайын экологтар мен белсенділердің қатысуымен кездесулер өткізіп тұрамыз. Компания өкілдерінен жасалған жұмыс бойынша есеп талап етеміз, - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, Экология министрлігінің басшылығы да жиі келіп, осы мәселені ерекше назарда ұстап отыр.

Бағдарлама биылдан басталады. Инвестициялық бағдарлама жасақталған. Жыл соңында бірінші жылдың қорытындысы бойынша қалдықтардың азаюы туралы айтамыз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы