«АрселорМиттал Теміртау» цехында апат болып, 4 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 10 маусымда "Құрылысмет" ЖШС аумағында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлерімен жазатайым оқиға орын алды.

Отқа төзімді кірпіш қалауын бөлшектеу кезінде ұста-пресс цехының № 9 жұмыс істемейтін термиялық пешінде төбе құлаған. Пеш күмбезінің құлауы салдарынан (көлемі 5х5х10 м) үйінділердің астында бес адам қалған, - делінген хабарламада.

Олардың төртеуі қаза болып, біреуі 1994 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары (27 адам және 7 техника) және "Серіктес Өрт Сөндіруші" ЖШС қызметкерлері (10 адам және 2 бірлік техника) үйінділерді аршып жатыр.

Оқиға орнында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ТЖД және өнеркәсіптік қауіпсіздік басшылары бар.

Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органның өкімімен комиссия құрылады және жазатайым оқиға бойынша арнайы тексеру жүргізіледі. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы