«АрселорМиттал Теміртау» атауы қалай өзгеруі мүмкін?

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Компанияның жаңа атауын жаңа инвестор шешеді. Біздің ойымызша кәсіпорынға «Қармет» тарихи атауын қайтару дұрыс болады. Бұл атауды тұрғындар мен қызметкерлер қолдайды деп ойлаймын, - деді министр.

Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы болып қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев тағайындалды.

Андрей Лаврентьев 1979 жылы Алматы қаласында туған. Ол – «Қазақстандық автобизнес қауымдастығының» негізін қалаушы және президенті, Allur Group компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. Оның құрамына «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» компаниялары кіреді. Allur Group – Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстандағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы