«АрселорМиталл Теміртаудағы» апат. 2 басшы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Полиция департаменті 10 маусымда «АрселорМиталл Теміртауда» 4 адамның қайтыс болу фактісіне байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу амалдары үшін арнайы комиссия құрылып, өндірісте болған қайғылы жағдай бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Қылмыстық істі тергеу барысында мекеме жұмысшылары сонымен қатар өндіріс кезінде қауіпсіздік шараларына жауапты адамдардан жауап алынды.
Жинақталған материалдардың негізінде Қылмыстық кодекстің 277-бабында (құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзып, абайсызда екі немесе оданда көп адам өліміне әкеп соққан) көзделген қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қауіпсіздік шараларына жауапты 2 басшы ұсталды, - делінген хабарламада.
19 маусым күні Теміртау қаласының тергеу сотымен күдіктілерге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бюро мүшелері Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы