"Арселлор Митталдағы" өрт: Айға қарап болжам жасағандай боламыз – эколог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Арселор Миттал Теміртау" зауытындағы ірі цехтардың бірі өртенді. Бұл соңғы жылдағы алғашқы өрт оқиғасы емес. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.
Салқын табақтық илемнің өндірісі үшін жауапты цехты, биіктігі бірнеше метр болатын от жалыны шарпыды. Мұндағы жабдықты соңғы рет 4 жыл бұрын ғана жаңартқан болатын. Бірақ бұл апатты оқиғадан сақтануға көмектеспеді.
"Арселор Миттал Теміртаудың" баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Болған оқиғаның себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды.
Соңғы жылдары, зауытта бұл алғашқы болған апатты оқиға емес. Осыдан бір ай бұрын конверторлық цехте ыстық будың кенеттен атылуы болған. Онда 4 адам зардап шекті. Ал өткен күзде қуатты жарылыс, комбинаттың қабырғасын тас талқан еткен. Ол кезде де адамдар зардап шекті. Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары бұған "Арселор Миттал Теміртауды" айыптады. Экологтардың айтуынша, мұндай төтенше жағдайлар қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді.
"Ірі кәсіпорындарда апатты оқиғалар болып тұрады. Шетелдік зауыттарда Еуропа мен Америкада да өрт болады. Бірақ бұл қаншалықты жиі болады деген сұрақ туындайды? 2018 жыл 2019 жылдардағы өрт оқиғасы. Бұндай оқиғаның аз болғаны жақсы. Қазір қорқыныштысы, ақпараттың аздығы, қол жетімді болмауы", - деді эколог Дмитрий Калмыков.
Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, кәсіпорын басшылығы мен құқық қорғау органдары төтенше жағдайларды жасырып қалуда. Бұндай оқиғалар туралы ақпарат қол жетімді болуы үшін экологиялық кодекске өзгерістер енгізу ұсынылды. Зауыттарда болатын төтенше жағдайларды зерттейтін комиссия мүшелігі құрамына экологтарды қосу қажет екіндігі айтылды.
"Барлығын болжауға тура келеді. 25 жылда алғаш рет облыстық прокуратура 2018 жылы Арселор кәсіпорынында тексеру жүргізген кезде бізді сарапшы ретінде шақырды. Бірақ тағы да, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, прокуратураның шешімінде не жазылғанын білмейміз, бұл құпия болып қалды. Жағдай әлдеқайда жақсы болу үшін Арселор не жасауы тиіс екенін біз білмейміз", - деп атап өтті Калмыков.
Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 40-тан астам қызметкері жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өрт отпен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан шыққан.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Теміртау металлургиялық комбинатында алапат өрт болған еді.