Арқарлардың көктемгі әуе санағы басталды

Көктемгі әуе санағы жұмыстары Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарының аумақтарында сәуір айының соңына дейін өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

2024 жылғы 20 наурыздан «Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметкерлері және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен «Зоология институты» РМК өкілдерімен бірлесе отырып тау арқарына (арқарға) көктемгі әуе санағы жұмыстарын бастады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы