Арқаны кеңге салып отыруға уақыт жоқ – Тоқаев
Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір – ерекше тарихи кезең. Ғылым мен технология ғана емес, қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгеріп жатыр. Мемлекеттердің даму бағдары және басымдықтары басқаша сипат алды, - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев атап өткендей, мұндай кезде батыл әрі жылдам әрекет жасау қажет.
Арқаны кеңге салып отыруға уақыт жоқ. Жүктелген міндеттерді орындау үшін дереу іске кірісу керек. Тапсырмалар мүлтіксіз және уақтылы орындалуға тиіс. Әйтпесе, салдары ауыр болады. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет, - деп айтты ол кеңесте.
Еске сала кетейік, Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтуде. Кеңес барысында Мемлекет басшысы еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керек екенін айтты.
Сонымен қатар, Тоқаев табысты елде тауып, шетелге шашатындар туралы айтқан болатын.