"Арқаны кеңге салуға болмайды". Бектенов маймыл шешегінің қаупі туралы айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов әлемде таралып жатқан індетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көріп отырғанымыздай алаңдауға негіз жоқ. Қазақстанда қауіпті індетті жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда арқаны кеңге салуға болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі ахуалды әрі қарай бақылауда ұстап, жұқпалы аурудың ел аумағында таралу қаупін болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдасын. Әсіресе, әуежайлар мен шекарадағы өткізу бекеттеріне қатысты, - деді Бектенов Үкімет отырысында.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді.

Дегенмен әлемде жағдай күрделі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы