Арқалықтың әуежайы қалпына келтірілетін болды
Арқалық қаласының әуежайы қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Арқалық қаласының әуежайы қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Үкіметке Арқалықта әуежай салу мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдаған болатын.
Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттардың сауалына жауап берді.
Қостанай облысының әкімдігі Арқалық қаласында әуежайдың жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолын, перронды, аэровокзалды және әуежай инфрақұрылымын тексеру үшін қаражат бөлінді, - деді премьер.
Қаржы көлемі - 9,5 млн теңге.
Зерттеу нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, ұшақтарға қызмет көрсету үшін жаңа жабдықтар мен арнайы техниканы сатып алуды қоса алғанда, әуежайдың инфрақұрылымын қалпына келтіру және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды жүргізудің орындылығы айқындалады, - делінген Үкімет басшысының ресми жауабында.