Арқалықта қамауға алынған блогер 12 жылға сотталуы мүмкін

Қостанай облысында 35 жастағы ер адам зорлау және сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Арқалық қаласынан шыққан YouTube-блогердің қылмыстық әрекетке байланысты ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Полиция бұл деректі растады.

35 жастағы ер адам жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Ол зорлау және сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Жәбірленушілердің арасында кәмелетке толмағандар жоқ, – делінген полиция мәлімдемесінде.

Тергеу материалдарына сәйкес, кейбір жәбірленушілер күдіктіден қарызға ақша алған. Қарызды қайтара алмаған жағдайда, ер адам олардан интимдік қатынас талап еткен. 

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. Полицияның мәліметінше, ер адам бірнеше қылмыс бойынша айыпталып отыр. Ол 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деп атап өтті полиция департаменті.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қостанай облыстық ПД
Өзгелердің жаңалығы