Кеше 2026, 21:50 Фото: скрин / ТЖМ

Арқалықта мектеп өртеніп жатыр

Құтқарушылар мектеп ғимаратындағы өртті сөндіруде

Қостанай облысы Арқалық қаласында №5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратының шатырынан өрт шықты.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама түскеннен кейін үш минут ішінде оқиға орнына алғашқы бөлімше келіп жетті.
 
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде ғимарат шатырының алдын ала 1100 шаршы метр аумағы ашық жалынға оранғаны анықталды. Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімдерінің және ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеуде. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған хабарламада.
 
Үздіксіз су беру үшін нысаннан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылуда.