Арқалықта конвейер шығыршығын шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Арқалықта конвейер шығыршығын шығаратын кәсіпорын іске қосылды Арқалықта конвейер шығыршығын шығаратын кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заманауи цехта кемі 30 адам еңбекпен қамтылады. Шетелдік жаңа станоктарды игеріп жатқан жастардың мамандығы әртүрлі.

Мемлекеттің қолдауымен жүзеге асқан бұл жобаның құны 159 миллион тенге. Тоғыз жоғары технологиялық станоктар алынған. Жаңа өндіріс орыны жылына 30 мың дана конвейер шығыршығын шығара алады. Қазір мамандар қайта даярлаудан өтіп жатыр.

Ең бастысы, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Адамдарды оқытып, үйретіп жатырмыз. Біздің кәсіпорынға келіп, жұмыс істеуге ниетті адамдар аз емес. Токарлықты игерушілердің арасында ағаш ұстасы, мұғалім сияқты өзге мамандық иелері де бар, - дейді кәсіпорын құрылтайшысы Виктор Суровцев.

Арқалықта 13 инвестициялық жоба жүзеге асады Биыл Қостанай облысы бойынша 40 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бір жарым мың адам қайта даярлаудан өтіп, кәсіби мамандық алып шығады.

Қысқа мерзімді оқулар жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша ұйымдастырылады. Қазіргі кезде токарь, слесарь, газэлектр дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға сұраныс бар. Ал енді Арқалыққа қатысты айтар болсақ, биыл 1900 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамту жоспарда бар. Оның басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасады, - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гаухар Тілеубаева.

Қазір Арқалықта жұмыссыздық денгейі 4,9 процентті құрап отыр. Егер 2026 жылға дейінгі межеленген 13 инвестициялық жоба жүзеге асса, екі қолға бір күрек іздегендердің саны біршама қысқармақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы