"Арқалық-Қостанай" бағытындағы ұшақ апатты жағдайда қонды

Көлік министрлігі атап өткендей, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Навигатор" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы"Арқалық-Ақсұңқар" (Қостанай) бағытында ұшқан. Сағат 16:10-да әуеге көтерілгеннен кейін санитарлық рейстің биіктігі кенеттен төмендей бастаған. Салдарынан ұшақ еріген қар суы жиналған аумаққа кіріп кеткен.

Әуе кемесінің бортында 2 экипаж мүшесі және 3 қызметтік жолаушы болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшесі Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің көмегімен Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Көліктегі оқиғаларды Тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына барады, - делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан бөлек оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес аталмыш жайт авиациялық оқиға ретінде танылады және оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруге тиіс. 

Ведомство мәліметінше, авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Бұл оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы