Арқалықта этанолдан уланған 11 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы Арқалық қаласында 3-4 шілде күндері "этанолдың уытты әсері" диагнозымен 13 адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін олардың 11-і қайтыс болған.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.Осы уақытта Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа-Қима кентінде 4 адам көз жұмған. Өлімнің болжамды себебі - жалпы уыттану салдарынан пайда болған геморрагиялық панкреатит. Қаза болғандардың 5 литрлік пластикалық бөтелкелерге құйылған алкоголь өнімінен уланғаны анықталды. Тергеу барасында 4 шілде күні Ақмола облысында құймалы спирттік ішімдіктер шығаратын цех анықталды. Полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстады. Олардан сатуға дайындалған өнімнің бір бөлігі тәркіленді. Алайда, күдіктілер өнімнің басым бөлігін сатып үлгерген, бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді, – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды пластикалық ыдысқа құйылған, заттаңбалары жоқ, белгісіз алкоголь өнімдерін сатып алмауға және сақ болуға шақырады.
Қауіпті өнім жасырын немесе базарларда сатылуы мүмкін. Оларды сату орындары туралы білген жағдайда жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе 102 және 112 телефондары арқылы дереу хабарлауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантин: Балалардың ойын алаңында ойнауына шектеу қойыла ма?
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы