Арқалық әуежайынан Астана, Алматы және Қостанайға рейстер ашылады

Арқалық қаласынан үш бағыт бойынша тұрақты әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Қостанай облыстық мәслихатының сессиясында өңір әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті, еп хабарлайды BAQ.KZ KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес, Арқалықтан Астанаға, Алматыға және Қостанайға әуе қатынасы ұйымдастырылады. Рейстерді Q400, ATR72 және CRJ200 үлгісіндегі өңірлік әуе кемелері орындайды. Бұл ұшақтар қысқа және орта қашықтықтағы бағыттарға арналған.

Әуежай аумағы шамамен 3,2 мың шаршы метрді құрайды, ал терминал жолаушылар ағынын сағатына 70 адамға дейін қабылдай алады.

Бұған дейін Арқалық әуежайын қайта қалпына келтіру жобасы қолға алынған болатын. Жаңғырту жұмыстарының құны 8,4 млрд теңгеге бағаланып, кейінірек мердігер компания анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы