Арнайы топ емхана мен ауруханаларды тексеруге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудағы сәби өлімінен соң елімізде талдау жұмысы басталды. Алдағы екі аптада облыстағы емдеу орындарына мониторинг жасалады, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев әлеуметтік желідегі парақташасында 2019-2021 жылдарға арналған ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуге қатысты жоспарға талдау жүргізілетінін хабарлады. Талдау жұмысына облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, денсаулық сақтау департаменттері мен міндетті медициналық сақтандыру қоры, қоғамдық ұйым өкілі кірді. Топ алдымен Қарғалы және Хромтау аудандарындағы орталық аурухана, емхана жұмысымен танысып, жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету, жаңа туған сәби мен оларды 1 жасқа дейін күту, медициналық мекемелердің шұғыл жағдайда көмек беруін тексерді.

"Жалпы алғанда медициналық көмек көрсету және инфекциялық бақылау бағытында медициналық мекемелер барлық талапты орындап отыр. Жұмыс тобы бірқатар ескерту беріп, мәселелердің шешімі дер кезінде табылды. Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен бала өлімі көрсетішін азайту тапсырмасы орындалып жатыр", - деп хабарлады Әсет Қалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы