Арнайы прокурорлар 30 мыңнан астам тергеу жүргізді – Қилымжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 30 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілген. Сараптама ұйымдарының өндірісінде үш мыңнан астам зерттеулер бар. Барлық жұмыс қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін қылмыстық қудалау органдарымен барлық күштер мен құралдар жұмсалып жатыр, - деді Қилымжанов. 

Ол атағандай, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы және заңдылық қамтамасыз етілуде.

Жаңа мән-жайлар анықталғанына қарай олар жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады. Ресми дерек көздерге ғана сенуді сұраймыз және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамыз, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілерімен жүргізілуде.

Істер бойынша мыңнан астам адам күдікті деп танылды, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы