Арнайы операциялар күштерінің әскерилері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы президенттің жарлығымен 2022 жылдың 19 қаңтарында құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскери құралым елдің қорғаныс қабілетін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған. Қажет болған жағдайда АОК-нің бөлімшелері терроризмге қарсы операцияларға қатысады, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы іс-қимыл жасай алады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

Арнайы операциялар күштерінде жауынгерлік, командирлік даярлықтың жаңа бағдарламалары, сонымен қатар атыс қаруынан, минометтерден және де жауынгерлік техникалардан оқ ату курстары енгізілді. Құжаттар жауынгерлік тәжірибесі бар елдердің арнайы күштерін даярлау жүйесін ескере отырып қайта қаралған.

Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері көптеген республикалық және халықаралық оқу-жаттығуға, қиын климаттық жағдайларда аман қалу, биіктіктен секіру, атыс және тау дайындығы курстарына белсенді қатысады, - деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің құрама командасының ішінде олар Қазақстанның күштік органдары арасында қоян-қолтық ұрыстан екі дүркін кубок иегері, сондай-ақ ТМД-ның үш дүркін және абсолютті чемпионы атанды. Биылғы жарыс қорытындысы бойынша арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері 83 медаль жеңіп алды.

Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы кәсіби дайындалған әскери қызметшілердің резервін қалыптастырумен белсенді түрде айналысады. Осы мақсатта біліктілік сынағы ұйымдастырылды. Оның нәтижелері бойынша 29 әскери қызметші батылдық пен батырлықтың символына айналған күрең қызыл беретті алу құқығына ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы