Дәрігерлерге үстемеақы төлеу мәселесін арнайы комиссия шешеді - Ахметшәріп

Алматы, BAQ.KZ. Дәрігерлердің коронавирус жұқтыруына қатысты эпидемиологиялық тексеріс өтіп жатыр. Кімнен жұқты? Кім жұқтырды? Барлығы тексерілуде. №12 ауруханада тіпті буфет қызметкері де жұқтырған, демек инфекция таралуы үдеп кеткен.

Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп қоғам белсендісі Мұрат Әбеновтің "Деннің саулығы ақшаға сатыла ма?" деген постына жауап беру кезінде жазды. 

Д. Ахметшәріптің айтуынша, 1,5 ай бұрын барлық медмекемелерде карантин жарияланды. Яғни, сақтық шаралары күшейтілді. Ол туралы Бас санитариялық дәрігердің қаулысы шықты. Сол мекемелерде сақтық шаралары орындалуы керек еді.

Мәселен, сол №12 ауруханаға бір науқас жүрегін тексертуге келді делік, оның бойында індет бар. Ол дәрігерге жұқты. Дәрігер артынан әріптестерімен жолығып, қол алысып, арнайы ординаторский бөлмелерде жиналыс өткізіп, ал қасында болған медбикелер  басқа бөлімге барып, араласып әріптестерімен  осылай тізбек бойынша таралып кетуі әбден мүмкін. Қазір эпидемиалогиялық тексеріс өтіп жатыр, кімнен жұқты, кім жұқтырды  барлығы тексерілуде. Енді инфекциялық дәрігер - індет ошағына кіреді. Үстіне қабат қабат обаға қарсы костюм киеді, екі үш қабат перчатка, рәзіңке етік, очки. Осы киіммен 6-8 сағат бөлімшеде (кешіріңіздер - әжетханаға да кейде бармай) жұмыс істейді. Сонда кай дәрігер тікелей жұмысында жұқтырды?, - дейді Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, қазір барлық қалада арнайы комиссия құрылып жатыр, оның қатарында Nur Otan өкілдері, әкімшілік өкілдері, жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы мамандары, аймақтық тауар мен қызмет сапасын тексеру комитеті өкілдері және дәрігерлердің заңды құқықтарын қорғайтын Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де кіреді. 

Олар осы мәселеге байланысты толық эпидимиологиялық тексерістен кейін шешім шығарады. Кім, қалай, кімнен жұқтырды. Артынан сол дәрігерлерге үстем ақы беру бермеу мәселесін ортақтасып, ақылдаса келе өздері шешеді. Бұл комиссия жұмысы. Бұл жерде дәрігерлер әдейі жұқтырды деп ешкім айыптап жатқан жоқ, Алла одан бетін аулық қылсын. Тек катаң карантин шараларын сақтау-сақтамау сұрақтары. Оған толық жауапты эпидимиологиялық тексеріс аяқталғаннан кейін білетін боламыз. Тек сол комиссия шешімімен сол әріптестерге үстемеақы берілу – берілмеу мәселесі шешіледі. Бұл мәселе Министрдің тікелей қадағалуында. Шешім шығару - сол Комиссия құзырында, - дейді ол. 

Д. Ахметшәріп елде карантин жарияланғаннан кейін сақтық шаралары қатаң сақталуы керек еді деген ойын білдірді. Оған жергілікті басшылық жауапты және керекті қорғаныс жабынмен толық қаматамасыз етуі керек еді. 

Алматыдағы №12 ауруханада тіпті буфет қызметкері де жұқтырған, бұл нені білдіреді - демек инфекция таралуы үдеп кеткен. Керекті сақтық шаралары қайда? Оны  тағы да қайталап айтайын - эпидемиологиялық тексерістен кейін білетін боламыз. Ол жүріп жатыр. Әрине, әр медициналық мекеме - потенциалды ошақ орталығы. Демек, сақтық шаралары алғы шепте, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы