22 Қазан 2024 2024, 21:14 Фото: - Архив

Арнайы ХҚКО-кезекші бөлімдерінің жұмыс уақыты ұзартылды

Қазақстанда кезекші арнайы ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда кезекші арнайы ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 қазаннан бастап кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Әдеттегі арнайы ХҚКО-лар бұрынғы кесте бойынша – 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Кезекші арнайы ХҚКО-да көлік құралдарын тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қабылдау сағат 18:00-ге дейін, ал құжаттарды беру –20:00-ге дейін болады.

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбіде 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық басқа орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.