Арнайы ХҚКО-да дайындалған құжаттарды енді үйге жеткізуге болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, енді көлік иелері жүргізуші куәлігін, көлікті тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік нөмірді алу үшін арнайы ХҚКО-ға қайта бармайды.

Дайын құжатты немесе мемлекеттік нөмірді үйге жеткізуге ХҚКО қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады. Қызмет құжат рәсімделген елді мекенде көрсетіледі.
Өтінім сағат 17:00–ге дейін берілсе, құжат сол күні жеткізіледі. Ал сағат 17:00–ден кейін берілген өтінімдер бойынша жеткізу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тапсырыс беру үшін қосымшадағы «Арнайы ХҚКО» бөліміне кіріп, «Дайын құжаттарды жеткізу» қызметін таңдау қажет. Одан кейін жеткізу мекенжайын және қолайлы уақытты көрсетіп, төлем жасау керек.
Пайдаланушылар қосымша арқылы тапсырыстың орындалу барысын және курьердің қай жерде келе жатқанын бақылай алады.
Мемлекеттік корпорацияның айтуынша, жаңа қызмет азаматтардың уақытын үнемдеп, дайын құжаттарды алуды жеңілдетеді.