Арнайы экономикалық аймақта теміржол қашан пайда болады

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағында орналсқан кәсіпорындар теміржол желісін он жылдан астам уақыт бойы күтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, 13 жыл бұрын күйдірілген мұнай коксын өндірутен зауытқа теміржол желісін тартуға уәде берілген. Алайда, жоспар орындалмай, кәсіпорын бірегей өнімді тасымалдау бойынша қиындық көріп келеді.

Мәселені шешу үшін елімізде бұл өнім түрін шығаратын көкшбасшы компания өкілдері жергілікті кәсіпкерлер палатасына өтініш білдірді.

Зауыттың дайын өнімі мен шикізатты тасымалдайтын жалғыз теміржол «Павлодар-Солтүстік» станциясына дейін тасымалдау үшін қажетті жалғыз кірме жол арқылы басқа кәсіпорынның жолдары арқылы өтеді. Ал кірме жол иесі бірқатар сеьепке байланысты зауытты қажетті қызмет түрлерін көрсете алмайды. Оның өзіндік себептері бар. Күрмеуі қалың мәселені шешу үшін қыруар қаржы қажет. Сондықтан, кәсіпорын инфрақұрылымдық проблеманы өздігінен шешу алмай отыр, - деп хабарлады «Атамекен» кәсіпкерлер палатысының баспасөз хатшысы Александр Вервекин.

Сала мамандарының айтуынша, мәселе шешілсе, компанияның кіріс көзі айтарлықтар ұлғаяды. Палата өкілдері мен арнайы экономикалық аймақ мамандары келісссөз жүргізді. Нәтижесінде жаңа теміржол желісін салу жөнінде келесемшартқа қол қойылды. Қазіргі уақытта жобалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жоспар бойынша учаске құрылысы үстіміздегі жылы басталады.

Айта кетейік, бірегей кәсіпорын екі жыл бұрын күйдірілген мұнай коксының миллионыншы тоннасын шығарды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 205 мың тонна өнімді құрайды. Ошақ күйдірілген мұнай коксына деген отандық сұранысты өтеп, испортқа тәуелділікті жоюды көздейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы