Арнаулы қызмет көрсету мекемелерінің қызметі цифрландырылады

Саладағы жаңашылдықтар Павлодар облысында әлеуметтік қызмет жүйесін трансформациялау аясында жүзеге асырылады, деп хабардайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Жаңашылдықтар келесі жылдың басында енгізіледі. Сонымен қатар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау, жан басына шаққандағы қаржыландыру, "Socium" цифрлық платформасында қызметтерді цифрландыру сияқты өзгерістер болады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, бұл өзгерістер арнаулы әлеуметтік көмекті көрсету тиімділігі мен сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Бюджет қаражатының жұмсалуы да ашық болады.

Бұдан былай арнаулы көмек көрсететін мекемелер лицензиялаудан өтуге міндетті. Шара қызмет сапасын көтеру мен бақылау үшін керек. Қазіргі уақытта жеті мыңға жуық азамат қызметтерді алып отыр. Салада екі мыңнан астам маман жұмыс істейді. Жаңашылдық аясында бұл мекемелердің барлығы ортақ ақпараттық жүйеге қосылады. Платформа арқылы ұйымдардың күнделікті жұмысы туралы мәліметтер туралы білім отырамыз. Сонымен қатар, жүйеде мекемелердің материалдық-техникалық құралдары туралы ақпарат болады. Өзгерістер әлеуметтік қызметкерлерді де айналып өтпейді. Цифрлық жүйеде арнайы реестр енгізіледі. Мамандардың біліктілігі, біліктіліктерін арттыру туралы ақпараттар енгізіледі, - дейді Альмира Дисюпова.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста арнаулы әлеуметтік көмек көрсетумен 56 ұйым айналысады. Олардың 12-сі – мемлекеттік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы