Арнаулы мемлекеттік қор қосымша 32 млрд теңгеге толықтырылды

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның субъектілері Арнаулы мемлекеттік қорға 26 млрд теңгеден астам қаражат аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар Алматы қаласындағы бизнес-орталықты сату нәтижесінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Арнаулы мемлекеттік қорға 6 млрд теңгеден астам қаражат жолдады.

Бұл қаражаттар ел үшін қажетті әлеуметтік және экономикалық жобаларға жұмсалатын болады.

Бүгінгі күні Арнаулы мемлекеттік қорға жинақталған жалпы қаражат сомасы 220 млрд теңгеден асады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев -архив
Өзгелердің жаңалығы