Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанға Атлантикалық ауа массаларының түсуінің жалғасуы республиканың көптеген облыстарында жоғары аномалды ауа температурасын сақтап тұрады. Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінен екпінді жел мен бұрқасын болып, қар жауады және оңтүстік облыстарында – жылбысқы қар, тұман және көктайғақ болады. Бұрқасын мен тұманның кесірінен жолдардағы көріну қашықтығын 50...500 м-ге дейін төмендетеді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында атыс болды
Келесі жаңалық
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы