Армия спортшылары қазақ күресінен өткен чемпионатта жеті медаль жеңіп алды
Армия орталық спорт клубының спортшылары қазақ күресінен Тараз қаласында өткен ересектер арасындағы ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен жарыс КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Марат Жақыттың 80 жылдығына орайластырылды. Оған 450-ден астам балуан қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қарулы күштердің қызметшісі Бақыт Құсақбаева алтын, сержант Ерасыл Қажыбаев пен Қарулы күштердің қызметшісі Ерасыл Жанатаев күміс, капитан Зәмзәгүл Файзолланова, Қарулы күштердің қызметшілері Бекжан Төлепов, Молдаш Кемелбек және Жұмажан Қожамбеков қола медаль иеленді.
Армия балуандарының чемпионаттағы жетістіктері олардың жеке нәтижелерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық дәстүрлерді нығайтуға ықпал етеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында киберқылмысқа қарсы күрес орталығы ашылды
Өзгелердің жаңалығы