Арменияның ұлттық галереясында 626 экспонат жұмбақ күйде жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияның мәдениет министрлігіне қарасты көрме орталығы қорының 626 экспонаты жоғалып кетті, деп хабарлады елдің бас прокуратурасы. 

Көрме орталығы қоры бұл – ұлттық галереяның бір бөлігі. Тексеріс кезінде жалпы құны 247 мың АҚШ доллары сомасындағы 626 экспонат – кескіндеме, гобелендер, графикалық жұмыстар және мүсіндер жоқтығы анықталған. 

Жоғалған туындылар ішінде суретші Мартирос Сарьянның атақты «Армфилармония залы» атты картинасы да бар. Оның бағасы 123 мың долларға бағаланып отыр. 

«Аса ірі көлемде ұрлау», «ерекше тарихи, көркем, мәдени құндылықтары бар заттар мен құжаттарды жымқыру», «қызметтегі немқұрайлылық» атты баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деілнген бас прокуратура хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы