Армениядан әкелінген көліктерді тіркейтін шұғыл желі құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының полициясы Армениядан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге арналған "Шұғыл желі" құрды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен, Армениядан әкелінген көлікті уақытша тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8-708-475-38-29; 8-7142-75-38-29. "Шұғыл желі" 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандар көлікті қалай уақытша тіркеуге болатынын және аталған қызметтің құнын айтады.
ҚР Үкіметі 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеу туралы шешім қабылдады. Көліктерді тіркеу биылғы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жүргізіледі. Тіркеу жарнасы 695 теңге болса, куәлік үшін 3473 теңге төлейсіз. Ал мемлекеттік тіркеу нөмірінің бағасы – 7778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11 946 теңге болады, – делінген полицияның баспасөз хабарламасында.Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде уақытылы тіркелмеген, ЕАЭО әкелінетін автомобильдерге қатысты проблема туындағанын атап өткен еді. Бұл мәселені шешу үшін Президент Үкіметке Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл елордада 100 шақырым жол жөнделеді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы