Армениядан келген көліктерге сары нөмір беру уақыты ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕАЭО covid-19 салдарынан шетелдік автомобильдерді шығармайды, ал Қазақстанда Армениядан машиналарды тіркеу келесі жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі covid-19 пандемиясының жалғасуына және коронавирустық инфекцияның таралуының екінші «толқынының» пайда болу мүмкіндігіне байланысты жеке тұлғалар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының уақытша жүру мерзімдерін ұзартты.Осылайша, автомобильдер мен басқа да техниканы уақытша әкелген азаматтар (ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден және жеңілдікті тәртіппен кедендік ресімделгендер) келесі жылдың 31 наурызына дейін оларды кері әкету міндетінен босатылды.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанға Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу мерзімі келесі жылдың 1 наурызына дейін ұзартылғанын хабарлады.
Облыстық МКД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуінің және пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Kia Өзбекстанда құрастырылады
Өзгелердің жаңалығы